– Бексұлтанның алғаш қыздар, әйелдер туралы шығармалары шыға бастағанда оның шығармаларын жұрт сүйсініп оқығаны соншалық, ұзатылып жатқан қыздардың жасауына оның кітаптарын қосып беріп жататын. Мұның өзі оның халықтық қаламгер екенін көрсетеді. Бір ғана «Кәріс қызы» деген шығармасы қаншама адамның жүрегінен орын алды. Бексұлтан – адам жанының суреткері, әйел жанының зерттеушісі. Кейбір сыншылар Бексұлтанды Ги де Моппасанға ұқсатып жатады. Меніңше, Бексұлтан махаббат деген ұлы сезімге қаламымен ескерткіш орнатқан қаламгер.