Шараға Анадолының белгілі жазушылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен студенттер қатысты.

Қазақ жазушысының романымен танысып шыққан оқырмандар, туындыға жоғары баға берді. «Автор кітаптағы кейіпкерлердің өмір жолын, көңіл-күйлері мен шынайы сезімдерін көркем суреттей білген»,-дейді олар.
Тұсаукесерге қатысқан Түркияның ұлттық кітапханасының өкілдері Бексұлтан Нұржекеевтің кітабын өз мұрағаттарына алып, шығарманы түрік жастарына тарататынын жеткізді.
Бақытжан ОМАР